Сәрсенбі, 05 Сәуір 2017   |   246 рет оқылды

ИМАМДАРҒА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТУДЕ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінде облысқа қарасты мешіт имамдарына арналған оқыту семинары басталды.

Оқыту семинарын қалалық «Қалмұхаммед ишан»  мешітінің бас имамы Д.Рысбай және қалалық «Мүсірәлі мешітінің бас имамы Б.Арынов жүргізуде. Оқыту семинарында Әбу Ханифа мазхабының намаз мәселесіндегі дәлелдері тереңнен оқытылуда.

Сондай-ақ, Матуриди ақидасының негізі мен сенім туралы түсінік бағытында сабақтар берілуде.

Бүгінгі таңда имамдардың дәстүрлі емес діни ағым өкілдерімен сұқбатқа түсіп, өз дәрежесінде ақпарат бере алуы, қоғамдағы орын алған кейбір мәселелерге сауатты жауап беруі мақсатында аталмыш семинардың маңыздылығы жоғары. Семинар 3 күнге созылатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы