Сейсенбі, 11 Сәуір 2017   |   229 рет оқылды

«Бауырыңа өмір сыйла» шарасы өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Бауырыңа өмір сыйла» шарасы өтті.

Қасиетті Құран кәрімнің Бақара сүресіндегі: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оның сыйын он есе қылып беремін»,- дегенді ескерген жамағат осы шараға барынша белсенділікпен атсалысты.

Облыстық қан орталығы ұйымдастырған бұл шара орталық мешітте жыл сайын өткізіледі.

Бүгінгі күні ауруханаларда, жан сақтау бөлімдерінде өмір мен өлімнің арасында арпалысып, дерттеріне шипа іздеген пенделер қаншама. Олардың ішінде әрине, қан топтарына орай, көптеген көлемде қан қажет ететіндері де бар.

Осындай дертті адамдарға көмек ретінде қолдарын созған жамағат қан беру шарасына қатысып, сауапты істің қасынан табыла білді.

Мұсылман – мұсылманның бауыры дер болсақ, бұл да болса көпшілікті мейірімділік пен бауырмалдыққа үндеген шаралардың қатарынан болды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы