Сейсенбі, 11 Сәуір 2017   |   282 рет оқылды

Ұстаздардың діни ілімін арттыру көзделуде

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті, әйелдер-қыздар секторы облысқа қарасты мешіт ұстаздарының біліктілігін арттыру мақсатында семинар ұйымдастыруда.

«Ұстаз – тәрбиелеуші» -дегенді ескерер болсақ, бүгінгі таңда қыз балаларға Ислам діні тұрғысында тәлім-тәрбие берумен қатар, діни сауаттылығын арттыруда ұстаздардың ролі зор.

Осы бағытта облыстық әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Файзуллина Марал алғашқы семинар сабағын бастады.

Әйел ұстаздардың діни ілімі мен біліктілігін арттыратын апталық семинарда Ақида, Фикһ, Тасаууф,  ахлақ , діндер тарихы сынды тақырыптар қамтылатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы