Бейсенбі, 13 Сәуір 2017   |   304 рет оқылды

«Нұрлы мінбер» имамдар байқауы өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен облыстық «Нұрлы мінбер» имамдар байқауы өтті.

Аталмыш байқауға біліктілігі жоғары 8 имам қатысты.

Байқау шарттары бойынша имамдар өздерін таныстыру, атқарған шараларын слайд түрінде көрсету, арнайы 3 сұраққа жауап беру және проектор арқылы экранда көрсетілген 10, 20, 30, 40 балды ұпаймен есептелетін ақида, фиқһ, имамның тұлғалық келбеті, ата заңым айбыным, ҚМДБ-ның тұғырнамасы, Құран бағытында дайындалған арнайы сауалдарға сүрінбей жауап беру бойынша сынақтардан өтті.

Жоғарыда аталған шарттардан сүрінбей өткен 2 имам көркем уағыз айтудан сынға түсіп, жеңімпазды  анықтау жүргізілді.

Қатысушы имамдар жұмысын  саралауға  ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт, Жаңақорған аудандық орталық мешітінің имамы Омаров Садулла, Қызылорда қалалық "Сұлтан мешітінің бас имамы Абжанов Нұрлан және  "Хазрет Әлі" мешітінің бас имамы Рысбай Базарбай қатысты.  

Нәтижесінде:
1 орын  - Қазалы ауданы "Жанқожа батыр" мешітінің имамы Сүлейменов Берікке, 2 орын  - Қызылорда қаласы "Мүсірәлі ата" мешітінің бас имамы Арынов Берікке, 3 орын  - Қызылорда қаласы "Нұр" мешітінің имамы Үркімбаев Маратқа бұйырды.

Бірінші орын иеленген "Жанқожа батыр" мешітінің имамы Сүлейменов Берік Астана қаласында өтетін Республикалық «Нұрлы мінбер» байқауына  жолдама алды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы