Дүйсенбі, 17 Сәуір 2017   |   175 рет оқылды

Өкіл имам бітіруші түлектермен кездесті

Елімізде жыл өткен сайын діни ілім алып, Ислам дінінің дамуына қызмет етуші жас мамандар қатары көбейіп келеді. Жалпы, Ислам дінінде ілім алудың маңызы өте жоғары. Ал, діни білім алып, мешіттерде қызмет етудің жауапкершілігі өз алдына бөлек.

Бұл бағыттағы жергілікті өңірлердегі өкіл имамдардың да ықпалы зор. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жыл сайын медресе, Ислам университетін бітіруші түлектермен кездесіп Сыр өңірінде еңбек етуге шақырады.

Былтырғы жылдың өзінде Қызылорда аймағына 4 жас маман еңбек етуге келіп, өз қызметтерін абыроймен атқаруда.

 Биыл да бас имам Т.Омаров Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің бітіруші мамандарымен кездесіп, еркін түрде сұқбат алаңын құрды. Бітіруші түлектермен Ислам дініне еңбек етудің жауапкершілігін сөз ете отырып, арнайы дастархан басында бас қосты.

Кездесу аясында бас имам алдағы уақытта Сыр еліне еңбек етуге шақырды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы