Дүйсенбі, 17 Сәуір 2017   |   292 рет оқылды

РАНТ мүшесі Сыр өңірінде

«Дін – насихат». Ислам дінінің өркен жайып, дамуына, жастар мен тұрғындардың Ислам діні турасында мол ақпарат біліп, дінге бет бұруы жүргізіліп отырған насихат жұмыстарының нәтижесі.

Жергілікті ақпараттық  - насихат топтары, мешіт имамдарынан бөлек аймағымызға РАНТ мүшелері де ат басын тіреп, насихаттарын жүргізіп, көпшілікпен жүздесіп, құнды ақпараттарын бөлісуі де өз ықпалын жасауда.

Осы бағытта Республикалық ақпараттық-түсіндіру топ мүшесі, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, «Нұр Мүбарак» университетінің ұстазы Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы Арал өңіріне іс – сапармен келді.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруды мақсат еткен Ұстаз Арал ауданында болды.

С.Құрбанұлы ең әуелі Сексеуіл кентінде тұрғындарымен «Радикалды діни идеологиялардың мемлекет пен қоғамға төндірер қауіп-қатерлері» тақырыбында кездесу өткізді.

Сонымен қатар, Сексеуіл кентіндегі «Тілеуқұл ишан» мешітінде бесін намазын өткізіп, жамағатқа дәстүрлі емес діни идеология жетегінде жүрген азаматтар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жеткізді.

Қасиетті жұма күні Арал аудандық мәдениет үйінде «Радикалды діни идеологиялардың мемлекет пен қоғамға төндірер қауіп-қатерлері» тақырыбында аудан жастарымен және жамағаттың қатысуымен аудандық конференция ұйымдастырылды.

Конференцияда РАНТ мүшесі басқа идеологияны меңзейтін керағар ағымдардың бір ғана отбасынан бастап, бүтіндей мемлекетке іріткі сала отырып, қауіп төндіретінін дәлелді мысалдармен түсіндіре келе, қатысушы жастардың сұрақтарына тұщымды жауап берді.

Арал ауданының жамағаты Сансызбай Құрбанұлына ризашылықтарын білдіріп, шапан жапты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы