Сейсенбі, 18 Сәуір 2017   |   202 рет оқылды

Әйелдер-қыздар секторы сайыс ұйымдастырды

ҚМДБ тарапынан өңірлерде әйелдер-қыздар секторы ашылғалы аймақтағы әйелдер-қыздар қауымымен жұмыс бір жүйеге түсті. Мешіттердің әйелдер-қыздар жамағаты өз жоспарларына сәйкес жүйелі жұмыстар атқарып, әйел жамағатының саны да артып келеді.

Осындай атқарылған шаралардың бірі – әйелдер-қыздар секторының Қызылорда облысы бойынша жетекшісі Файзуллина Маралдың бастамасымен өткен сайысты айтуға болады.

Яғни, ҚМБД Қызылорда облысы бойынша әйелдер-қыздар секторы, Байқоңыр қаласы, Жәрімбет мешітінің ұстазы Сыдыкова Ләззат шәкірттерінің арасында «Білімді мыңды жығар»  атты сайыс өткізді.

Сайыс Алла Тағаланың 99 көркем есімін жатқа айту, сұрақтарға жауап беру сынды 4 кезеңнен тұрды.

Сайысқа қатысушы шәкірттерге алғыс хат табысталып, арнайы сыйлықтар берілді. Шара соңында дастархан жайылып, насихат жүргізілді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы