Сейсенбі, 18 Сәуір 2017   |   135 рет оқылды

«Бірлігі жарасқан жамағат» шарасының кезекті отырысы өтті

Мешіт  - Алланың жердегі үйі болса, мешіт көркі жамағат екені аян. Бүгінгі күні мешіт имамының ұйымдастырушылығының нәтижесінде мешіт жамағаттарының ауызбіршілігі артып келеді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қалалық «Айтбай» мешітінде ай сайын «Бірлігі жарасқан жамағат» айдарымен шаралар ұйымдастыру қолға алынған.  Бұл шаралар бірлік бар жерде – тірлік бар екендігінің және бір дәлелі болса керек.

Алла тағала адамзат баласын: «Бөлінбеңдер», деп бауырмал болуға бұйырғандығы да белгілі. Ұйымдастырылған кезекті отырысқа жамағат белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты.

Арнайы жайылған дастархан басында қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Керімбеков Нұржан Пірәліұлы «Шайтанның азғыру жолдары» тақырыбында қатысушы жамағатқа әсерлі уағызын жеткізді.

Шара аясында қатысушыларға қасиетті үш айдың қадір-қасиеті айтылып, арнайы ақпараттық парақшалар таратылды.

Шара соңында елдің тыныштығы, Ислам дінінің өркендеуі үшін дұға жасалып, қатысушылар ризашылықпен тарасты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы