Жұма, 21 Сәуір 2017   |   208 рет оқылды

«Атамекен» ауылына қамқорлық

Қызылорда қаласында қамқорсыз қалған балалардыӊ отбасы жылуын сезініп, ана-тәрбиешілердіӊ мейіріміне бөленулері үшін арнайы «Атамекен» балалар ауылы қызмет жасайды.

"Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ" жобасы аясындағы бұл ауыл - ата-ананыӊ қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық «Айтбай» мешіті ұжымы аталмыш ауыл балаларына арнап, арнайы 60 тал көшет отырғызды.

Жалпы және жастар бөлімінің бастамасымен, бөлім жетекшісі Нұржан Пірәліұлының қатысуымен бұл бағытта осыған дейін де бірнеше көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілген болатын.

«Атамекен» ауылына балалар үшін сая болар, әрі көктемгі тал отырғызуды үлгі етсін деген мақсатпен жасалған бұл шара балаларды да, ұжымды да қуантты.

Мешіт ұжымы мен жамағаты белсене атсалысқан шараға көпшілік ризашылығын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы