Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017   |   226 рет оқылды

Бас Мүфтидің кубогіне арналған облыстық жарыс өтті

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақша күрестен іріктеу жарысы өтті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа облыс бойынша барлығы 20 үміткер бақ сынасты. Қызықты да тартысты өткен жарысты осы саланың мамандары, спорт саласының қазылары саралады.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Қармақшы ауданынан келген Абдуллаев Нұрлыбек есімді палуан жеңіп алса, ІІ орынды да қармақшылық Баймаханов Марат иеленді.

Ал, ІІІ орын орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің атынан шыққан Абдуллаев Ержанға бұйырды.

Жарыста жүлделі орын алған палуан  Бас мүфтидің кубогіне жолдама алды. Қатысушылар арнайы алғыспен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы