Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017   |   277 рет оқылды

«Құранмен нұрланады өмірің»

Осындай атаумен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен рухани кеш өткізілді.

Қасиетті Құран Кәрімде «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің» - деп айқын айтылғандай, шара барысында құран оқудың маңызы мен артықтықшылықтары, миғраж түнінің ерекшелігі кеңінен сөз болды.

Рухани кеште діни көріністер көрсетіліп, діни әндер орындалып, арнайы бейнероликтер де ұсынылды.

Қызылорда облысы бойынша әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткізілген шараның және бір ерекшелігі – шәкірттер арасында үздік білім алып, құранға түскен аруларымызға арнайы тәж кигізілді.

Шара соңында дастархан жайылып, әйелдер-қыздар секторының Қызылорда облысы бойынша жетекшісі Файзуллина Марал барлық қатысушыларға алғысын білдірді.          

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы