Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017   |   346 рет оқылды

«Миғраж» кешінің құрметіне дастархан жайылды

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  Миғраж оқиғасын миләди 621 жылы Режеп айының 26-сынан 27-сіне қараған түні дүйсенбіде басынан өткерді.

Осыған орай жыл сайын бұл түнді шын ықыласпен және қосымша нәпіл ғибадаттармен өткізу мұсылмандар үшін дәстүрге айналып келеді.

Миғраж кешінде мешіттерде көптеп құлшылық жасалып, жамағаттарға бұл күннің ерекшелігі барынша насихатталады.

Осы негізде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық «Айтбай» мешітінде Миғраж кешінің құрметіне арнайы дастархан жайылып, қатысушы жамағатқа «Миғраж түні және оның діндегі орны» тақырыбында уағыз айтылды.

Мешіттің найб имамы Қайырбек Отызбаев ислам тарихынан ғибратты әңгімелер айтып, сұрақтарға жауап берді. Жамағат бұл кеште барынша құлшылық жасап, сауапты істермен айналысты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы