Жұма, 05 Мамыр 2017   |   303 рет оқылды

БАС ИМАМ БАСПАСӨЗ МАСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне баспасөз маслихатын өткізді.

Баспасөз маслихатында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров және облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Бақытжан Камалов республикалық форумдақабылданған құжаттар туралы және өңірдегі діни ахуал жайлы баяндады.

Басқосуда көтерілген басты тақырып – жастардың асыра діншілдікке жол бермеуі, бірлікті сақтау, жастардың діни сауаттылығын арттыру жайы болды.

Бас имам Т. Омаров жаназадағы діни рәсімдер, мәйітке қатысты тыйымдар, ас беру кезіндегі ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелерін баса атап өтті. 

«Үздік зият­кер имам» және «Дәстүрлі Ислам – Әбу Ханифа мазһабы»  атты республикалық форумда қабылданған екі құжат туралы да кеңінен тоқталып, оның маңыздылығын түсіндіріп берді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы