Бейсенбі, 11 Мамыр 2017   |   305 рет оқылды

«БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ» атты шәкірттер сайысы өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық «Айтбай» мешіті және Жалпы және жастар ісі бөлімінің  ұйымдастыруымен «Білімді мыңды жығады» атты шәкірттер арасында сайыс өткізілді.

Сайысқа қалаға қарасты барлық қалалық мешіттің шәкірттерінен құралған 8 топ қатысты.

Шараны ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық "Ақмешіт Сырдария" мешітінің бас имамы Талғат Омаров Сейіткәрімұлы алғы сөзбен ашып, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, өкіл имам Т.Омаров білімнің Ислам дінінде, адам өмірінде алар орнына, маңыздылығына тоқталды.

Барлығы 4 бөлімнен тұрған сайысқа қала мешіттерінің шәкірттері белсенділікпен қатысты. Арнайы қойылған шариғи мазмұндағы сұрақтар, Құран оқу тәртібі мен ережесін сақтауы, жылдамдыққа жауап беру секілді турлардан өткен топтар жақсы дайындықпен келгендіктерін дәлелдеді.

Сайыс барысында Жалпы және жастар ісінің облыстағы бөлім жетекшісі Керімбеков Нұржан Пірәліұлы шәкірттердің ынтасына, дайындығына, ілімдерін жетілдірудегі жетістіктеріне ризашылығын білдірді.

Нәтижесінде І орынды қалалық «Айтбай» мешітінің шәкірттері, ІІ орынды «Мүсірәлі ата» мешітінің шәкірттері, ІІІ орынды «Әзірет Әлі» мешітінің шәкірттері иеленді.

Жеңімпаз топтарға бағалы сыйлықтар мен барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар, алғыс хаттар табысталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы