Жұма, 12 Мамыр 2017   |   286 рет оқылды

ӨКІЛ ИМАМ МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы және қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Керімбеков Нұржан Пірәліұлы, ұстаз М.Гаджиев Сыр өңірінің Жаңақорған ауданында бой көтеріп жатқан мешіт құрылысымен танысты.

Мешіт құрылысынан бөлек Сығанақ қаласына қатысты тарихи деректермен танысты.

Тарихта Сыр бойы қалаларының қатарында Сығанақ қаласының маңызы бөлекше. Сығанақ қазақтың алғашқы мемлекеті – Ақ Орданың астанасы болған.

Соғыстардың салдарынан қала бірнеше шабуылға ұшырап, қирап, сынып, XVII ғасырдың ішінде қала үлкен үйіндіге, төбешікке айналып жер астында қалды.

Бүгінде қала тарихи орынға айналды. Жастар мен тұрғындар  бұл жерлерге экскурсия жасап, деректермен таныса алады.

Ал, құрылысы жүргізіліп отырған мешіт, бұрын қызмет жасап, бүгінде орнына жаңаша  мешіт бой көтеруде.

Іс-сапар барысында аудандағы діни ахуалмен, мешіт құрылыстарымен ауданның бас имамы С.Омаров таныстырды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы