Сәрсенбі, 17 Мамыр 2017   |   357 рет оқылды

РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ШАРАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Аз ғана күндерден соң мұсылман қауым асыға күткен Рамазан айы басталады.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) Рамазан айы туралы: «Рамазан келгенде жәннат есіктері ашылып, дозақ есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді», сондай-ақ, «Шынында, жәннатта бір есік бар, ол - "Раййан» деп аталады. Ол есіктен тек ораза ұстаушылар ғана кіреді»,- деген. Рамазан айының келуіне орай жергілікті мешіттер біршама шараларды қолға алатыны аян.

Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қала және аудан имамдарының қатысуымен жиналыс өткізді.

Жиналыста алда келе жатқан қасиетті Рамазан айында атқарылатын шаралар мен жоспарлар талқыланды.

Атап айтар болсақ, ауыз бекіткен тұрғындарға ауызашар беру, тегін такси қызметінің болуы, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық, насихаттық мақалалардың, хабарлардың жарық көруі, Рамазан айын өз дәрежесінде өткізу, мешіт тазалығы, қайырымдылық шараларын күшейту секілді тапсырмалар пысықталды.

Сондай-ақ, Рамазан айының құрметіне спорттық шаралар мен шығармалар байқауын ұйымдастыру да жоспарлануда.

Жиында осы және басқа да тапсырмалар пысықталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы