Дүйсенбі, 22 Мамыр 2017   |   184 рет оқылды

РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ БАСПАСӨЗ МАСЛИХАТЫ ӨТТІ

Алла Елшісі (с.ғ.с.) Рамазан айы туралы: «Рамазан келгенде жәннат есіктері ашылып, дозақ есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді», сондай-ақ, «Шынында, жәннатта бір есік бар, ол - "Раййан» деп аталады. Ол есіктен тек ораза ұстаушылар ғана кіреді»,- деген.

Осы қасиетті Рамазан айының келуіне орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы баспасөз маслихатын өткізді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан баспасөз маслихатында Рамазан айында атқарылар шаралар, жоспарлар мен қасиетті айды жоғары дәрежеде өткізу жолдары айтылды.

Бас имам Т.Омаровөз сөзінде: «Биылғы жылы Рамазан айы 29 күнге созылады. Осы қасиетті айда бірқатар қайырымдылық іс-шаралар өткізілетін болады. Рамазан айының алғашқы күнінде халық көп шоғырланатын жерлерде арнайы баннерлер ілінген тегін такси қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, 28 мамыр күні аймақ өнерпаздарымен бірге Жарапазан айтылып, құрма тегін таратылады. Мұнан өзге кәсіпкерлер мен мешіт жамағаттарын тарту арқылы аймақтағы 700 тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіледі» - деді.

         

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы