Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017   |   376 рет оқылды

Рамазан айының құрметіне қайырымдылық жасалды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай бірнеше шаралар бастау алып кетті.

Соның бірі – орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы.

Қайырымдылық жасау – мұсылманның сипаты, Рамазан айы – қайырымдылық айы екенін ескерген мешіт ұжымы бірнеше мұқтаж отбасыларына қол ұшын созып, көмек көрсетті.

Мешіт тарапынан тұрмысы төмен отбасылар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік түрінде қайырымдылық жасалды.

Өз кезегінде көмек алушы отбасылар алғысын жеткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікірлер  

 
0 # Карашаш 2017-05-27 05:07
салеметсиздерме . мен коп балалы ана едим. Осы рамазан айында сиздерден комек ала аламынба.
Жауап жазу
 

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы