Дүйсенбі, 05 Маусым 2017   |   289 рет оқылды

АРМАН ҚУАНЫШБАЕВ СЫР ЕЛІНДЕ

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде уағыз-насихатқа деген сұраныс, халықтың белгілі дінтанушылармен кездесуі артып келеді.

Осы орайда, қасиетті Рамазан айында Сыр елінде белгілі дінтанушы, уағызшы, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев қонақта болды.

Ең алдымен Арман Қуанышбаев қалалық «Айтбай» мешітінде болып, «Жанұя құндылығы» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Арман Қуанышбаевты тыңдауға келген жамағаттың қарасы өте көп, әрі мешітте ине шаншар орын болмады. Өз уағызында дінтанушы отбасындағы татулықтың маңыздылығын, отбасын сақтаудың алғышарттарын насихаттады.

Жалпы мұсылмандардың мешітке жиналып, уағыз-насихат тыңдауы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның ғұмыр кешкен бақытты ғасырынан бері тұрақты жолға қойылған игі дәстүр.

Одан бөлек А.Қуанышбаев орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде болып, жұма уағызын жүргізді.

Жұма уағызында Арман Қуанышбаев қазақ халқының мәдениетіндегі Ислам дінінің ролін жете түсіндіріп берді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы