Сәрсенбі, 07 Маусым 2017   |   276 рет оқылды

Рамазан айына орай бас имам сұқбат берді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы облыстық «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасы арқылы сұқбат берді.

Сұқбат барысында өкіл имам Т.Омаров ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айымен құттықтауын және қасиетті айға қатысты Үндеуін жеткізді.

Өз сөзінде бас имам «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Рамазан айында атқаратын шаралары, жүзеге асырылатын қызметтерін де сөз етті.

Сонымен қатар, Рамазан айының ерекшелігі, ауыз бекіткен адамның ұстанар қағидалары, мұсылман парыздары жөнінде сөз қозғады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы