Сейсенбі, 13 Маусым 2017   |   363 рет оқылды

ШЫҒАРМАЛАР БӘЙГЕСІ ЖАРИЯЛАНАДЫ!!!

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешіті қасиетті Рамазан айының құрметіне «Құлшылық самалы – Рамазан» атты шығармалар бәйгесін жариялайды.

Бәйгенің мақсаты: тұрғындар мен жастарға қасиетті Рамазан айының құндылығын түсіндіре отырып, шығармашылық белсенділікті арттыру, Рамазан айының қасиеті туралы кеңінен ақпараттануға мүмкіндік беру болып табылады.

Бәйгенің шарттары:

  • Бәйгеге ұсынылатын шығарма «Times New Roman» шрифтімен, 14 өлшемді қаріппен, 1,5 жоларалығымен басылған, көлемі 4-5 беттен аспайтын болуы тиіс;
  • Ұсынылған шығарма көшірілмеуі (плагиат) тиіс.
  • Ұсынылған шығарма осыған дейін өзге бұқаралық ақпарат құралдарында пайдаланбаған болуы керек;
  • Шығармада хадис, аяттар, ұлы ойшылдардың даналық сөздері пайдаланылуы тиіс;

Қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Қатысушының тегі, аты-жөні толық жазылуы тиіс;
  • Қызмет орны немесе білім алатын оқу орнын көрсетуі міндетті;
  • Мекен - жайы, байланыс құралы, электронды поштасы жазылуы керек;

Шығармалар 2017 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады.

Шығармаларды орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті бекіткен шағырмашылық топ сараптайтын болады.

Ұсынылған шығармалар өңделмейді және авторға қайтарылмайды.

Бәйге жеңімпаздары Қасиетті Рамазан айының «Қадір түні» күні, яғни шілде айының 21 - нен 22 - не қараған түні марапатталатын болады.

Шығармаларды «Шығармалар бәйгесіне» деген айдармен орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің aqmeshit@mail.ru электронды поштасына жіберуге немесе Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №16 мекен-жайына жолдауыңызға болады.

Ұйымдастырушылар алқасы: ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті, байланыс құралы: 8-705-202-71-45, 8-707-708-24-50.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы