Бейсенбі, 03 Тамыз 2017   |   130 рет оқылды

«Бес парыздың бірі – қажылық» тақырыбында семинар өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен «Бес парыздың бірі – қажылық» тақырыбында семинар өтті. Семинарға мешіт жамағаттары мен шәкірттері және қажылыққа баруға ниет етуші жандар қатысты.

Семинарды Қызылорда қаласы «Қалмұхаммед Ишан» мешітінің бас имамы Рысбай Дайрабай Серікпайұлы жүргізді. Семнар барысында:

1.Қажылықтың исламда алар орны мен маңызы;

2.Қажылықты орындау шарттары, парыздары мен сүннеттері және оны бұзатын жағдайлар;

3.Ихрам кию үлгісі, тәртібі жайлы өзекті тақырыптар аясында ақпараттық уағыз айтылды.

4.ҚМДБ-ның «Тауаф» қажылық компаниясының қызметі мен бағыты жайлы насихаттау жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға буклеттер таратылды.

Семинарға қатысушылар арасынан қажылыққа баруға ниет етуші кісілерге «Тауаф» қажылық компаниясының байланыс телефондары берілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы