Сенбі, 05 Тамыз 2017   |   213 рет оқылды

ҚАЖЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қажылық – исламның бесінші шарты. Жағдайы жететін адамның өмірінде бір рет қасиетті Қағбаға барып қажылыққа тән болған ғибадаттарды орындауы парыз екені белгілі.

Осы бағытта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Бес парыздың бірі – қажылық» атты семинар ұйымдастырылды.

Семинарды қалалық «Қалмұхаммед ишан» мешітінің бас имамы Дайрабай Рысбай мен орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт жүргізді.

«Қабыл болған қажылық өткен күнәларды жояды.» деп хадисте келтірілгендей қажылықты ережесімен дұрыс орындаудың да маңыздылығы зор. Қажылық ғибадаты үлкен парыздардың бірі болғандықтан оның орындалу тәртібі, қойылған талаптары мен міндеттерін толық білу де маңызды.

Семинарда қатысушыларға қажылық турасында, қажылықты өтеу барысындағы әдеп, киім кию үлгісі, орындалуы тиіс шарттар барлығы дерлік толығымен түсіндірілді.

Өз кезегінде қатысушылар сұрақтарына жауап алып, ризашылықтарын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы