Сенбі, 05 Тамыз 2017   |   295 рет оқылды

МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫСТЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйытқы болуымен өңірде волейболдан қалалық жарыс ұйымдастырылды.  Жарысқа қаладағы мешіт жамағаттары аса белсенділікпен қатысты.

Мұндай жарыстар мешіт жамағатының ауызбіршілігін, татулығын арттыруда, бос уақытын тиімді ұйымдастыруда өз нәтижесін беруде.

Аталмыш жарыс нәтижесі бойынша І орынды «Ыбрайым молда» мешіті алса, ІІ орынды Тасбөгет кентіндегі «Құддыс ишан» мешіті иеленді. Ал, ІІІ орынды қалалық «Сұлтан мешітінің» жамағатынан құралған команда алды.

Жеңімпаздарға арнайы кубок пен диплом және қаржылай сыяпат табысталды.

Ойын барысында белсенділік танытқан ойыншыларға марапаттау қағазы берілді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

         

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы