Дүйсенбі, 07 Тамыз 2017   |   178 рет оқылды

БАС МҮФТИ КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫНА: БЕРІЛГЕН УӘДЕГЕ САЙ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛСІН

Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен қажылық сапарын ұйымдастыру жұмыстарына қатысты арнайы басқосу өтті.

Алқалы жиынға ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ «Tawaf travel» компаниясының директоры Жәнділла Бекжігітов, сонымен қатар мүфтияттың шешімімен қызмет көрсетуге қабілетті деп танылған компания басшылары қатысты.

Жиында сөз алған Ержан қажы Малғажыұлы қажылық фирмалары жетекшілеріне қызмет сапасына аса мән беруді тапсырды.

«Қажылық маусымы кезеңінде елімізден аттанған қажыларымызға оларға берген уәделеріңіз бойынша қызмет көрсетілуі шарт. Арнайы дайындалған қажылық пакеттеріне (эконом, стандарт) сай қызмет көрсетіңіздер», – деп атап өтті Бас мүфти.

Сонымен қатар, аталған басқосуда қажылардың жол қауіпсіздігі, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, уағыз айту, қажылық парыздары, әдептері мен шарттарын түсіндіру, т.б. мәселелер сөз болды. ҚМДБ төрағасы осы мәселелер бойынша Қажылық бөлімі мен қажылық компания жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы