Сейсенбі, 22 Тамыз 2017   |   230 рет оқылды

Қасапшыларға семинар ұйымдастырылды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жергілікті қасапшыларға арнайы семинар ұйымдастырды.

Семинар барысында қасапшыларға Құрбан айт кезіндегі малды шариғат жолымен сою шарттары түсіндіріліп, тазалық сақтау шаралары, арнайы орындардың болуы басты назарда екендігі жеткізілді.

Сонымен қатар, құрбандыққа шалынатын малға зәбір көрсетілмеу керек екендігі де ескертілді.

Одан бөлек қасапшылар шариғат үлігісімен құрбандықты дұрыс шалу және мал союдың тәртібімен танысты.

Атап айтқанда: 

- мал сойылатын жердің тазалығы;

- малды ұрмай соқпай жеткізу;

- құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызылуы;

- пышақты малға қаратпай қайрау;

- «Бисмиллаһи Аллаһу Акбар» деп айту және одан да бөлек тазалық шаралары мен ережелері айтылды.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алып тарқасты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы