Дүйсенбі, 04 Қыркүйек 2017   |   154 рет оқылды

ҚҰРБАН АЙТ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мұсылмандардың ұлық мейрамы болған Құрбан айт мерекесін жоғары дәрежеде атап өтті.

Айттың бірінші күні ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жамағатты мерекемен құттықтап, мешітке жиналған жамағат айт намазын оқыды.

Айт намазына қатысушы тұрғындарды қала бойынша тегін автобустар жеткізді. Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұсынысымен қала ішінде 25 автобус осы күні тегін қызмет көрсетті.

Айт намазы оқылып болған соң, құрбандық шалу рәсімі орын алып, бас имам Т.Омаров дұғасын жасап, батасын берді.

Қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне биыл да орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті алаңына қазақы нақышта киіз үйлер тігіліп, қазақы салт-дәстүр бойынша ұлттық ойындар ойнатылды.

Арнайы тігілген киіз үйлерде жаппай халыққа арналып дастархан жайылып, тұрғындарға палау таратылды.

Сонымен қатар, қазақы күрес, қол күрес, гір көтеру, арқан тарту және қой көтеру сайыстары ұйымдастырылды.

Сайысқа белсене қатысып, жеңімпаз атанған жерлестеріміз мешіт тарапынан арнайы дипломдармен және  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мешіт ауласында қыздар жамағаты тарапынан халал жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде қыздар өз қолдарымен пісірген өнімдерін саудалап, саудаларынан түскен қаржыны қайырымдылыққа арнады.

Құрбан айтта қала бойынша барлығы 2000 отбасына ет таратылды.

Қазақ халқының салт-дәстүріне негізделген түрде ұйымдастырылған Құрбан айт мейрамына тұрғындар тарапынан ризашылықтар білдірілді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы