Дүйсенбі, 09 Қазан 2017   |   196 рет оқылды

Кезекті жарыс тартысты өтті

Мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру, қарым-қатынасты нығайту мақсатында мешіттер арасында футбол ойыны тұрақты ұйымдастырылып келеді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бастамасымен өткен жарысқа қалалық мешіттердің жамағаттары аса белсенділікпен қатысып, тартысты ойын көрсетті.

Нәтижесінде қалалық «Сұлтан» мешітінің жамағаты І орын, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жамағаты ІІ орын, қалалық «Ыбрайым молда» мешітінің жамағаты ІІІ орын иеленді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы