Сәрсенбі, 11 Қазан 2017   |   136 рет оқылды

Мешіт жамағаты бірінші орын иеленді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті, жалпы қалалық, аудандық мешіттер жергілікті билікпен тығыз-қарым-қатынас орнатып, мешіт жамағаттары мәдени-көпшілік, спорттық шараларға белсене қатысып келеді.

Осындай шаралардың бірі ретінде Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен велоспорттан өткен жарысты айтуға болады.

Жарысқа жергілікті мекеме қызметкерлері мен әуесқойлар қатысты. Осы жарыста өз белсенділігін көрсетіп жүрген "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің жамағаты Жақсылық Пазыл І орынды иеленді.

Бауырымызды жеңісімен құттықтаймыз.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы