Жұма, 03 Қараша 2017   |   150 рет оқылды

ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі «Қазақстан – рухани келісім мекені» атты облыстық шығармалар байқауын ұйымдастырды.

Аталмыш шығармалар байқауына аудан және қалаға қарасты мешіттерден барлығы 30-ға жуық шығарма келіп түсті. Шығармашылық байқаудың бір ерекшелігі – байқау тек діни бірлестіктер арасында өтті. Байқауға белсене қатысқан діни бірлестік өкілдері еліміздің ұлтаралық татулықты сақтаудағы ерекшелігін, дінаралық келісімнің жолға қойылғанын көркем тілмен жеткізе білді.

Шығармаларды тілші, тіл маманы, діни бірлестік өкілінен құралған қазылар алқасы бағалады.

Нәтижесінде Төретам кентіндегі «Жәрімбет ата» мешіті мен Свято – Казанский храм иконы Божией матери шіркеуі І орын, қалалық «Айтбай» мешіті мен «Надежда» шіркеуі ІІ орын, қалалық «Нұр» мешіті мен «Любовь» шіркеуі ІІІ орын иеленді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы