Дүйсенбі, 20 Қараша 2017   |   157 рет оқылды

УНИВЕРСИТЕТ ПРОРЕКТОРЫ ИМАМДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және қалаға қарасты ауылдық округ имамдарының «Нұр Мүбарак» Ислам университетінің проректоры Шәмшәдин Тұрсынұлы Керіммен кездесуі өтті.

Әдебиет  зерттеушісі, шығыстанушы, исламтанушы,  филология ғылымдарының докторы,  профессор Шәмшәдин Тұрсынұлы жастардың діни білім алудағы ахуалы мен университет мүмкіншілігі турасында сөз қозғады.

Шараға сондай-ақ, өкіл имам Т.Омаров пен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Е.Нематуллаұлы қатысты.

Имамдар тақырыпқа сай сауалдарын жолдап, пікір алмасты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы