Сәрсенбі, 07 Ақпан 2018   |   167 рет оқылды

100 отбасыға көмек берілді

Осыған дейін жазғанымыздай ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын бастап, акция асында түрлі қайырымдылық шараларын жалғастыруда. Жалпы қайырымдылық жасау – ұлы Жаратушының разылығына бөлейтін сауап амал екендігі белгілі.

Осындай игілікті істің бірі кеше орталық мешітте өтті. Орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бастамасымен, барлық қалалық мешіттердің қолдауымен 100 отбасыға көмек берілді.

Әлеуметтік жағдайы төмен, тұрмысы нашар, көмекті қажет ететін тұрғындар тізімі жасақталып, оларға азық - түлік түрінде көмек таратылып, арнайы дастархан жайылды.

Қайырымдылық көмектің жалпы көлемі 500 кг картоп, 500 кг жуа, 1 тонна макарон өнімдері, 300 кг шекер, 200 литр май, 1 тонна ұн, 100 кг тұз құрады.

Арнайы жайылған дастархан басында өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысушы тұрғындарға иман, Ислам діні турасында насихатын жеткізді.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кімде-кім Исламда бастама көтеріп, қандай да бір игі іске мұрындық болса, өзінен кейін сол істі істегендердің алған сауабындай сауапқа кенеледі. Одан кейін сол игі істі істегендердің сауабы титтей де кемімейді» деген екен.

Мұндай сауапты істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Өз кезегінде қатысушы тұрғындар мен мешіт жамағаты ұйымдастырушыларға шексіз ризашылықтарын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы