Сейсенбі, 13 Ақпан 2018   |   77 рет оқылды

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ДӘРІПТЕУДЕН БАСТАЛАДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, облыстық әйелдер-қыздар секторы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ерекше көрме ұйымдастырды.

Аталмыш көрме Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруды көздеді.

«Қазақтың ұлттық бұйымдары» атауымен өткен көрмеге әйелдер-қыздар жамағаты ата-бабаларымыздан аманат болып келе жатқан ұлттық бұйымдарды ұсынды.

Оның ішінде ұлттық әшекейлер, ою-өрнекті ыдыс- аяқтар, төсеніштер, ұлттық өнер аспаптары,ұлттық киімдер жамағатқа таныстырылды.

Облыстағы әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Файзуллина Маралдың айтуынша жамағаттың ұлттық бұйымдарға деген ерекше ықыласы мен қызығушылығы барынша басым болды.

Өкілдік тарапынан алдағы уақытта да Елбасы мақаласын дәріптеу, насихаттау, жүзеге асыру бағытында түрлі форматта шаралар ұйымдастырылатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы