Сейсенбі, 13 Ақпан 2018   |   138 рет оқылды

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастарымен кездесулер бастау алды.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жетекшілері және қалалық мешіт имамдарының қатысуымен оқу орындарында және жатақханаларда жастармен кездесулер өтіп, салауатты өмір салтын ұстану, жат әдеттерден аулақ болу жолдары насихатталуда. Осындай кездесулер аудандарда да жалғасын тауып, кәсіптік білім беретін оқу орындарының жастары белсенді қатысуда.

Жалпы жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю мұсылманның бір міндеті. Алла Тағаланың: «Сендерден жақсылыққа шақыратын, сондай - ақ дұрыстыққа қосып, жамандықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар», «Жақсылыққа шақыр, жамандықтан тый» дегенін ескерсек, аталмыш насихаттық шаралардың берер тәлімі мол.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы