Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018   |   32 рет оқылды

ӨКІЛ ИМАМ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жергілікті оқу орындарының студент жастарымен кездесулерге қатысуда.

Кездесулердің басты мақсаты – жастарды жат ағымдардан сақтандыру, тура жолға бағыттау, отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Кезекті кездесу М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде өтті.

«Отан сүю иманнан» тақырыбымен өткен кездесуде Т.Омаров жастарға еліне еңбек етудің, ел игілігі жолында білім алудың маңыздылығын түсіндірді.

«Асыл дініміз Исламда да отансүйгіштікке, туған еліңді қадірлеуге айырықша мән берген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) Отаныңды, яғни тарихи мекеніңді сыртқы дұшпаннан қорғаудың қаншалықты сауап екендігі жайында бірнеше хадистер қалдырған.

Бірде бір сахаба Пайғамбарымыздан (ﷺ): «Я, Расулаллаһ! Ең абзал амал не?»-деп сұрағанда, Алла елшісі (ﷺ): «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы», - депті». Отанды сүю иманнан. Әр адам үшін кіндік қаны тамып туып өскен, яғни өз отанынан қымбат жері жоқ. Қандай бір шет елде болса да сол бір шаң басқан, қаңбағы желмен қаңғырған туған жерін сағынады да тұрады.

Отанымыздың ұлтарақтай ғана жері үшін қаһарман ата-бабаларымыз қасық қаны тамғанша күресіп, бізге мирас етіп қалдырды. Сондықтан барлығымыз ата-бабаларымыздан мирас етіп қалдырған жерді аманат деп, көздің қарашығындай сақтау баршамыздың борышымыз. Әр адамға өз отанын қорғау, оны сақтау парыз екен.

Иманды жандар, жүрегі түзу мұсылмандар өзінің отанын қастерлеу, өзінің отанын қорғау, отанын сүю киелі ұғым екенін білуі керек.»- деді бас имам өз сөзінде. Өз кезегінде қатысушылар сауалдарын қойып, жауап алды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы