Дүйсенбі, 19 Ақпан 2018   |   116 рет оқылды

ӨКІЛ ИМАМНЫҢ УАҒЫЗЫ

Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру қоғамдағы басты мәселелердің бірі. Дінді насихаттау әлсіресе халықтың соқыр сенімге еріп, оң солын ажырата алмай қалатыны айтпаса да түсінікті. Яғни, «Дін – насихат» деген асыл сөздің астарында үлкен ұғым жатқанын осыдан ұғынамыз.

Толығырақ айтар болсақ, Қасиетті Құранда Алла Тағала ''Раббыңның жолына көркем үгіт насихатпен шақыр '' -деп әмір етсе, хадисте «дін - ол насихат» дейді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінде, осыған орай насихаттық шаралар, уағыздар жүргізу тұрақты өткізіліп келеді.

Мысалы әрбір жұма сайын өкіл имам, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жамағатқа арнап тұрақты уағыз жұмысын жүргізеді.

Уақыт өткен сайын жұма намазынан кейін қалып уағыз тыңдаушылар саны артып келеді.

Апта сайын түрлі тақырыптарды қамтыған уағыздар, сабақтарға қатысушылар өз тараптарынан алғыстарын жеткізуде.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы