Сейсенбі, 20 Ақпан 2018   |   131 рет оқылды

ИМАМДАР ҮНДЕУГЕ ҮН ҚОСТЫ

Еліміздің бас қаласы Астанада Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен ресми жиналыста Бас мүфти дін қызметкерлеріне «Өзгеруді өзіңнен баста» деп ұран тастаған болатын.

«Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді», Жаңа қызметімде дін қызметкерлері арасында «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұран тастаймын. Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды», – деген болатын Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық мешіт имамдары бас қосып, үндеуге қолдау көрсету шараларын бастап кетті.

Қала және аудан имамдары бас қосқан жиынды бас имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді.

Аталмыш үндеу аясында қала және аудандарда арнайы семинарлар өтіп, түрлі жобалар жүзеге асатын болады. Сондай-ақ, жиын барысында қала және аудан имамдарына бірқатар тапсырмалар жүктеліп, жобалар кеңінен талқыланды.

Атап айтар болсақ, мешіт тазалығына жіті мән беру, насихаттық шараларды тұрақты, жүйелі ұйымдастыру, шаралардың ақпараттандырылуын үйлестіру, жамағаттың ауызбіршілігін арттыру мақсатында түрлі спорттық шараларды көбейту, ашық есік күндерін өткізу және басқа да жоспарлы жұмыстарды үздіксіз жүргізіп отыру тапсырылды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

        

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы