Сейсенбі, 20 Ақпан 2018   |   127 рет оқылды

СЫР ЕЛІНДЕ «БАБАЛАР МҰРАСЫ» САБАҒЫ БАСТАУ АЛАДЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» - деп атап өтті.

Жалпы бағдарламалық мақаланың бойында қазақ халқының ұлттық рухына әсер етер ерекше серпін, ерекше леп бар екендігі ақиқат.

Бұл мақалаға әр сала мамандары өздігінше үлес қосып, қазақ халқының ұлттық кодының сақталуына үлес қосуда. Осы орайда, Сыр елінің имамдары да жаңа бастаманы іске қоспақ.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Бабалар мұрасы» атты сабақтар желісі жүзеге асатын болады.

Бұл арнайы өткізілген қала және аудан имамдарының қатысуымен өткен жиында белгілі болды.

Аты айтып тұрғандай «Бабалар мұрасы» сан қилы тарихи кезеңдерді басынан өткерген қазақ халқының мол тарихын, мәдени мұрасын ұрпақ бойына сіңіріп, тарих беттеріндегі құнды деректерді таныстыру.

Арнайы ұйымдастырылатын бұл сабақтар желісіне мешіт жамағаттары және қызығушы тұлғалар қатыса алады. Сабақты аймағымызға белгілі тарихшы мамандар жүргізетін болады.

Сабақты жүргізудегі мақсат – Елбасы мақаласына қолдау білдіру, насихаттық шараларға үлес қосу, ұлттық бірегейлікті сақтаудағы жұмыстарды ілгерілету, жамағаттың ой-ниетін бір арнаға тоғыстыру болып табылады.

Аталмыш сабақтардың және бір ұтымды тұсы – жат ағымдардың жетегінде кететін, өз тарихын, салт-дәстүрін, ата - баба құндылығына мән бермейтін жастардың сауаттылығын арттыру.

Бұл бастама облыстан бөлек, барлық аудандарда да жүзеге асатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы