Жұма, 02 Наурыз 2018   |   174 рет оқылды

АУДАН МЕШІТТЕРІНІҢ ТЫНЫСЫ

Облысымызда ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты аудандық мешіттер тарапынан бірқатар шаралар жүйелі ұйымдастырылып келеді.

Олардың қатарында жастармен кездесулер, қайырымдылық шаралары, шәкірттер арасында байқаулар, ауызашарлар бар.

Аталған шаралардың бірқатарына тоқталсақ.

Арал ауданы

Қызылорда облысына қарасты Арал аудандық орталық мешітінің асханасында дүйсенбі және бейсенбі күні ауыз бекіткен жамағат үшін ауызашар өтті. Ауызашарда орталық мешіт найб имамы Нұржан Кеңесханов жамағатқа нәпіл ғибадаттың сауабы жөнінде уағыз айтып, ел тыныштығы үшін дұға жасады.

Сондай-ақ, аудандағы «Көксарай» спорт кешенінде Арал аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Əкем, анам жəне мен спорт сүйер отбасымыз» атты ұранымен жанұялар арасында аудандық эстафеталық жарыс өтті. Эстафетаға мешіт жамағатынан 6 отбасы қатысты.  

Шараның ашылу салтанатына ауданның бас имамы Рахметтегі Съезбек Евилханұлы қатысып, шараның жамағат бірлігі үшін маңыздылығына тоқталды.

Командалар аламан жарыста «Кедергілер арасымен жүгіру», «Қаз -қатар жүрелеу», «Аламан», «Қаппен секіру», «Арқан тарту», «Сұрақ -жауап сайысы» бойынша күш сынасты. Жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынылып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазалы ауданы

Қазалы аудандық орталық мешітінде ауданға қарасты ауылдық округ мешіттерінің имамдары бас қосып алдағы атқарылар шараларын талқылап, жоспарларын белгіледі.

Басқосудың негізгі мақсаты – ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамаларына қолдау көрсетіп, өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы тапсырған жұмыс жоспарының орындалуын нақтылау болды.

Шиелі ауданы

Облысқа қарасты Шиелі аудандық «Оқшы ата» мешітінде әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қазақтың ұмытылған ұлттық тағамдары» атты қыздар сайысы өтті.

Сайыс барысында қыз балалар хадистер келтіре отырып, түрлі тағамдардың дайындалуына тоқталып, ұлттық тағамның құндылығын дәріптеді.

Жеңімпаздар сыйлықтар алып, қатысушылар алғысын жеткізді. Сайысқа қатысқан апа-әжелер қатысушылар мен аудандық орталық мешіт ұстазы Алтыбекова Айсұлуға алғысын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы