Сенбі, 03 Наурыз 2018   |   212 рет оқылды

АЛҒЫС АЙТУ – ІЗГІЛІКТІ ІС

Мұсылманның сипаты – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, бір-біріне мейірімділікпен қарай білу. Алғыс айту да мұсылмандар үшін ізгілікті, сауапты істердің қатарында саналады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мештінің ұжымы осы күнге орай арнайы дастархан жайып, жамағатпен тасбих намазын оқып, Құрат Хатымның сауабын бағыштады.

Сонымен қатар, жиналған жамағатқа бір-біріне алғыс айтудың, өзге адамдарға сыпайылық танытудың, ең алдымен Аллаға шүкіршілік айтудың маңыздылығы турасында уағыз айтылды.

Осы күні Қызылорда облысының әйелдер-қыздар секторы бойынша жетекшісі Файзуллина Марал әйелдер жамағаты арасында арнайы шара өткізді. Әйелдер-қыздар жамағатына бір-біріне сыпайылық танытып, сыйластықты арттыру мақсатында арнайы тәттілер таратып, насихатын жеткізді.

Сондай-ақ қалалық «Айтбай» мешітінің ұжымы өз мешітінде ақсақалдар мен қарт ксілер үшін арнайы дастархан жайып, батасын алды. Шараның өтуіне мұрындық болған «Жастар ісі» секторы «Алғыс алған арымас» атты намаз кестесі бар парақшалар шығарып, таратты.

Осы шаралардың жамағаттың, халықтың ынтымағын арттырып, достық пен бірлігімізді нығайта түсуге ықпал етері сөзсіз.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы