Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018   |   582 рет оқылды

Өкіл имам қалалық мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты

     Жақында ғана Қызылорда облысына өкіл имам болып тағайындалған Бас имам Болатбек Ұласқанұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың аманатымен тапсырылған жауапкершілігі мол қызметіне кірісіп кетті.

    Бүгінде, Бас имам өңіріміздегі діни ахуалды одан сайын жақсарту мақсатында өңір халқына жаңа бастамаларымен жаңа серпін беру үшін,ең алдымен мешіт пен оның келушілері арасындағы байланыстың нығаюы маңызды екенін басты назарға алған.

     Осыған орай, өкіл имам Қызылорда облысындағы мешіттермен жеке-жеке танысуды қолға алған. Алғашқы қадам қалалық мешіттерді аралаудан бастау алды.

   Бас имам мешіттерді аралау барысында тыныс-тіршілігімен, мешіт ауласы мен дәретхана тазалығымен, сабақтардың жоспарлы түрде өткізілу кестесімен танысып, әр мешіттің жамағатыменжеке-жеке кездесті. Мешіт жамағаттарымен бір сапта бесін намазын бірге оқып, уағыз-насихат жұмысын жүргізді. Болатбек Ұласқанұлы«Жамағаттың ауызбіршілігі, діни ахуалдың тұрақтылығы» турасында айтылған уағызында:«Мешіт - ең алдымен Алланың үйі! Бұл жерде құлшылық жасалып қана қоймай, тәрбие мен білім мектебі де өзара үйлесімділік табуы тиіс»-дей келе, мешіт қызметкерлері мен жамағатарына өңіріміздің діни ахуалының тұрақтылығын сақтауда қосып жатқан үлестері үшін алғысын білдірді. Келешекте де, дәстүрлі дінімізді насихаттауда бірлесе жұмыс жасауды ұсынды.Өңірлік мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу сапары бұнымен тоқтамайтынын жеткізді. Өз кезегінде, мешіт жамағаттары көкейтесті сұрақтарына жауап алып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы