Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018   |   1053 рет оқылды

Жастарға серпіліс әкелуші семинар

Бүгін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Бас имам Болатбек Ұласқанұлының тапсырмасымен, «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Рухани құндылықтарымызды жаңғыртуда жастар рөлі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Бас имам Болатбек Ұласқанұлы, Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы, «Жастар ісі» секторының жетекшісі Керімбеков Нұржан, «Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің найб имамы, «Жастар ісі» секторының үйлестірушісі Отызбаев Қайырбек, облыстағы «Жастар ісі» секторының аймақтық өкілдері, сондай-ақ «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының жетекшісі Тілес Талғат, облыстық «Жастар ресурстық орталығының» жауапты маманы Мұратұлы Әділ, Жалағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығының» жетекшісі Қожамұратов Айдос, «Шын жүректен» еріктілер тобының жетекшісі Әбіл Серік қатысып, жастармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселелерді талдап, жан-жақты қызу талқылады.

Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы өзінің алғы сөзінде: «Ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тұжырымдамалық мақаласында эволюциялық даму жолында ұлттық кодты сақтау арқылы сапалы ұрпақ тәрбиелеу басты міндетіміз екенін айқындап берді. Өздеріңіз білетіндей, жастар – қоғамның негізгі күші, дамушы мемлекеттің белсенді құрылысшысы болып табылады. Сол себепті, біздің жастарымыз рухани құндылықтар мен дәстүрлі дінімізді бойына сіңіре отырып, қоғамның, әрдайым жаңашылдыққа ұмтылушы, білімді, бәсекеге қабілетті, көркем-мінезді, жігерлі, отансүйгіш белсенді тұлғасына айналуы тиіс.»-дей келе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Өзгеруді өзіңнен баста» акциясының түпкі мақсатын алға тартты.

Семинар барысында, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторының жетекшісі Н.Керімбеков өз кезегінде 2017 жылғы атқарылған іс-шараларға шолу жасап, бейнеролик ұсынса, Қ.Отызбаев жастар ісі секторының 2018 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

«Шын жүректен» еріктілер тобының жетекшісі Ә.Серік топ жайлы таныстырып, жаңа жобаларымен бөлісті.

Еркін пікір алмасу форматында өткен семинарда «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының жетекшісі Т.Тілес «Ерікті жастардың қоғамдағы рөлі», «Жастар ресурстық орталығының» жауапты маманы Ә.Мұратұлы «Жастармен жұмыс жасаудың жаңа механизмі» тақырыбында тақырыбында баяндама оқыды, сондай-ақ өзге де орталық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс жоспарларымен таныстырды. Алдағы уақытта, бірлесе жұмыс жасауға дайын екендерін жеткізді.

Қорытындылай келе, қалалық және аудандық мешіттердегі «жастар ісі» секторының жауапты өкілдері өз ұсыныстары мен талап тілектерін білдірді. Семинарға қатысушылар қоғамға серпіліс беруші тың идеяларымен бөлісе отырып, тәжірибе алмасу мақсатында бейресми форматтағы түрлі кездесулер мен тренингтер ұйымдастыру арқылы жастардың қызығушылығын арттырып, қоғамның бәсекеге қабілетті мүшесіне айналдыру үшін аянбай қызмет ету керектігін бір ауыздан түйіндеді.

«Жастар ресурстық орталығы» мен «Жас Отан» жастар қанатының жауапты қызметкерлері өкіл имамға еркін пікір алмасу форматындағы семинар ұйымдастырылуына мұрындық болғаны үшін алғыстарын білдіріп, осы типті форматтағы кездесулер жалғасын тапса екен деген тілектерін жеткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы