Бейсенбі, 08 Наурыз 2018   |   995 рет оқылды

Бас имам ақсақалдардың ақ батасын алды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облыстық «ардагерлер ұйымының» төрағасы Сейілбек Шаухаманұлын және «Құрмет» орденінің иегері, қоғам қайраткері, дін жанашыры, Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәпен Аңсатовты арнайы зиярат етіп, ақ баталарын алды.

Ақсақалдар әкелік жанашырлықтарын танытып, өмірлік ақыл-кеңестерімен бөлісті. Салихалы сұхбат барысында өңірдегі өнеге аларлық тарихи оқиғалардан сыр шертіп, парасатты әңгіме өрбітті.

Сейілбек Шаухаманұлы: «Жақында ғана тағайындалған қызметің берекелі болсын! «Жас келсе іске» демекші, өңірімізде Діни басшылық қызметке сен секілді білімді де білікті мамандардың тағайындалуы біз үшін үлкен мәртебе. Алла үшін дін саласында адал қызмет атқару - сұрауы мен сынағы да көп, жауапкершілігі мол жұмыс. Әрбір бастамаларыңда Алла жәрдемшің болсын!»-дей келе, құрмет көрсетіп келгені үшін алғыс білдіре отырып авторлық кітабын естелікке берді.

Сәпен Аңсатов та өзінің жүрекжарды ізгі тілегін білдіре отырып: «Алла разылығы үшін жүрген қызметің қашан да берекелі болсын! Міндеттелген ауыр жүкті абыроймен алып жүретініне толық сенімдімін. Еліміз үшін, дініміз үшін жасағалы отырған жобаларыңа сәттілік тілеймін!»- деп әкелік ақ батасын берді.

Бас имам ақсақалдарға қамқорлығы мен ақыл-кеңестері үшін алғысын білдіріп, сый-сияпатын ұсынды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы