Жұма, 09 Наурыз 2018   |   1429 рет оқылды

Бас имам алғашқы жұма намазын өткізді

    Жақында ғана тағайындалған облысымыздың жаңа өкілі, Бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлы облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жамағатпен жүздесіп, мінберде жұма хұтпасын оқып, «Салиқалы әйелдің сипаты» турасында уағыз айтты.

   Өкіл имам салиқалы әйелге тән мінез-құлықтар мен ерекшеліктері жайлы, ерінің алдындағы міндеттері мен алар орны туралы атап өтті. Әйел адамның отбасы ошақ қасында күйеуіне демеу болып, болашақ ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын еске салды.

    Сондай-ақ, жұма намазын оқуға имамдыққа шығып, жамағатпен бірге Алла Тағаладан ел амандығы мен тыныштығы үшін қол жайып дұға тіледі.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы