Сенбі, 10 Наурыз 2018   |   853 рет оқылды

Мұсылман әйелдерге арналған сән көрсетілімі: «Әсем киім – әйел көркі»

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде алғаш рет «Әсем киім – әйел көркі» тақырыбында сән көрсетілімі болып өтті.

Құран аяттарын оқумен ашылған айтулы шараға қалалық мешіттің әйел ұстаздары мен жамағаттары қатысты. Ұйымдастырушылар сән көрсетілімін арқау ете отырып, келушілер назарына әйел адамның исламдағы орны, әйел адамның нәзік жаратылысы, ерінің алдындағы, балаларының алдындағы отбасылық міндеттері турасында уағыз-насихат айтып, түрлі форматтағы видео-роликтер ұсынды.

Сән көрсетілімінде заманауи қыз-келіншектерге арналған:

  1. «Күнделікті киім үлгісі»
  2. «Кеңселік киім үлгісі»
  3. «Салтанатты киім үлгісі»
  4. «Спорттық киім үлгісі» топтамаларын және орамал тағу үлгілерінен шеберлік көрсетті.

Сондай-ақ, көпті көрген қария аналарымыз бойжеткен қыздарымыз бен жас келіндерге үлгі аларлық оқиғаларымен бөлісіп, бақытты әйелдің құпиясы, жанұя шаттығы, отбасылық мәселелерді шешу жолдары турасында ақыл-кеңестерін берді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы