Дүйсенбі, 12 Наурыз 2018   |   887 рет оқылды

Қызылорда: Құранды мәнерлеп оқудан облыстық жарыс өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылдық «Ескендір Мағзым» мешітінде қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан «Құран – мәңгі мұғжиза» атты облыстық жарыс болып өтті.

Қызылорда облысы бойынша өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы өзінің алғы сөзінде: «Құран – Алланың кәләмі, адамзатқа берілген, ешбір қатесіз өмір сүру құралы. Құранның бір ғана әрпіне он есе сауап жазылып, өзін оқыған пендеге қияметте шапағатшы болатынын» жеткізе отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Облыстағы түрлі мешіттерден жиналған қатысушылар өз деңгейлерінде Құранды мәнерлей оқып, сынға түскен сайыста жеңімпаздарды анықтау оңай болмады. Барлық талаптар мен ережелердің сақталуын ескере отырып, арнайы құрылған әділқазылар алқасының шешімімен:

І орын иегері: Берік Асқарұлы (Жаңақорған ауданы)

ІІ орын иегері: Қуанышбайұлы Дәулет (Қызылорда қ. «Мүсірәлі Ата» мешіті)

ІІІ орын иегері: Нұрғалиев Абдулазиз (Қызылорда қ. «Нұр» мешіті)

жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйақымен (І орын – 70000 тг, ІІ орын – 50000 тг, ІІІ орын – 30000 тг) марапатталды.

Сондай-ақ барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Жарысқа келушілерге ас беріліп, өкіл имам аудан халқына өз батасын берді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы