Дүйсенбі, 12 Наурыз 2018   |   860 рет оқылды

Бас имам «Нұр» мешітінің жамағатымен кездесіп, уағыз айтты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Болатбек қажы Ұласқанұлы қалалық «Нұр» мешітінің жамағатымен кездесті.

Мешіттің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында арнайы ат басын бұрған Бас имам ақшам және құптан намаздарын жамағатпен бірге оқып, мешіт жамағатына арнайы жайылған дастарқан басында қасиетті Құран Кәрімнің: «Расында, мүміндер – бір-біріне бауыр. Ендеше бауырларыңның арасын жарастырыңдар, сондай-ақ Алладан қорқыңдар! Міне, сонда Оның рахымына бөленесіңдер!» аяттарын тілге тиек ете отырып, «Исламдағы ауызбіршілік пен бауырмашылдық» турасында уағыз айтты.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы