Дүйсенбі, 12 Наурыз 2018   |   599 рет оқылды

Өнеге: ЖАС ЖҰБАЙЛАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Бүгін Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітінде ақ некелерін қидырған Төлеби Есенжолұлы мен Нұрбану Абызқызы қаржыларын кортежге емес, қайырымдылыққа жұмсап, игі істің өнегесін көрсетті.

Алдымен сөз алған мешіттің бас имамы Нұржан Пірəліұлы:

Биылғы жылды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет "Ислам жəне отбасы жылы" деп жариялаған болатын. Ондағы мақсаты - жас отбасыларға жанұяның құндылығын түсіндіріп, отбасы ынтымағын арттыру болатын. Міне, осыған амал жасап жатқан қос жұп Алла үйінде некелерін қиып қана қоймай, Сіздерге айтарлықтай қайырымдылық көмегін көрсетуде", - деді.

Мешіт ақсақалы мен мұқтаж жандар жас жұбайларға ақ баталарын айтып, шексіз ризашылықтарын білдірді.

Мұнан соң жас жұбайлар шын жүректен "Жүрек жылуы" қайырымдылық шарасы аясында жеті бірдей отбасыға азық-түлік пакеттерін өз қолдарымен үлестірді. Жиғанын желге емес, сауапқа жұмсаған жастарға тек қана бақыт тілестік. Алла қабыл етсін!

Қызылорда облыстық "Ақмешіт-Сырдария"

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы