Сәрсенбі, 14 Наурыз 2018   |   340 рет оқылды

Облыстық өкіл имам Қызылорда ОТД экс-басшысымен жолықты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Болатбек қажы Ұласқанұлы Қызылорда ОТД экс-басшысы Әбдіхан Көбеевпен кездесті.

Еңбек ардагері Әбдіхан Көбеев - облысымызға еңбегі сіңген, әлеуметтік, экономикалық саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан, облыстық телекоммуникациялар дирекциясында басшылық қызмет атқарған, көп жылдар облыстық партия комитетінің мүшесі, облыстық кеңестің депутаты болған мақтантұтарлық парасатты азаматтарымыздың бірі. Ол өзінің батасын алғалы келген облыстық өкіл имамға ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, қызметтік естеліктерін еске түсіре отырып, бірнеше жылдық тәжірибесімен бөлісті. Ардагер де авторлық кітабын сыйлай отырып, ізгі бастамаларында сәттілік тілеп, лебізін жеткізді.

Салихалы сұхбат өрбіген кездесу соңында өкіл имам Әбдіхан Көбеевке ақыл-кеңестері мен үлгі-өнегесі үшін алғысын білдіріп, сый-сияпатын ұсынды.

Қызылорда облыстық "Ақмешіт-Сырдария"

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы