Сәрсенбі, 14 Наурыз 2018   |   614 рет оқылды

Облыстық молдалардың білімін жетілдіру семинары

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде облыстық молдаларды оқыту семинары өтті.

Семинардың негізгі мақсаты: Облыстық молдалардың білімін жетілдіру, біліктілігін арттыру, тәжирбе алмасу. Семинарға қатысушы молдаларға орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің азаншысы Гаджиев Мұхтар «Құран. Тәжуид ережелері», қалалық Айтбай мешітінің найб имамы Отызбаев Қайырбек «Әдеп», орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы «Жаназа және жерлеу рәсімдері» бойынша сабақ беріп, негізгі қағидаларды түсіндірді.

Сондай-ақ, өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы қатысушы молдаларға Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Өзгеруді өзіңнен баста!» бастамасының мақсаты: кез-келген дін қызметкері жамағатты жақсылыққа шақырып, үлгі болу үшін  өзгеруді ең алдымен өзінен бастау керектігін екенін түсіндірді.

Бір күндік оқыту семинарына қатысып, білімін жетілдірген молдаларға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлының атынан дайындалған сертификаттар табысталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы